БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

 «Жансая» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны туралы ақпараттық анықтама

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыТүркістан  облысының , Төлеби  ауданы білім      бөлімінің «Жансая» бөбекжай –бақшасы» мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорны
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жерінің мекен-жайы)Түркістан облысы, Төлеби  ауданы, Ленгер қаласы, А.Байтурсынов көшес 42А.
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)Ұялы телефон :+7 778426 6425 электронды поштасы: karabayeva.gulnaz.76@mail.ru                                                   https://zhansaia.baqsha.edu.kz/?page_id=360
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Карабаева Гульназ Жансейтқызы          «Жансая» бөбекжай-бақшасы                         2023 жыл 15 қараша № 515 бұйрығымен бақша меңгеруші  лауазымына тағайындалды.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен. БСН 020540002116  алғашқы мемлекеттік тіркеу күні 21.05.2002жыл.
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы 2002 жылғы 11 маусым №KZ81RVK00053834хабарлама берілген.        
7Құрылған жылы1986  жыл
8Типтік ғимаратбір қабатты типтік
9Топтар саны4 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:  І ауысым; ІІ ауысым
13МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 100 балаға арналған. 27.08.2015 жылы  № 17р1-10-4-159                    санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша  ғимараты типтік үлгіде. Балабақша 100 орындық, қазіргі таңда 100 тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін, 10,5 сағат  жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 100 тәрбиеленуші  4 топқа «Сұңқар»  ортаңғы  тобы, «Балапан» ортаңғы тобы, «Аққанат» ересек  тобына,  «Достық» мектеп алды тобына топтастырылған.

Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын, жатын  бөлмелері, меңгеруші, әдістемелік, психолог,  бөлмелері, музыка залы бөлмесі, медицина бөлмесі, кір жуу бөлмесі, асхана, мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі табиғи газбен жылытылады. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл  түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 

Балабақшада медициналық  кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық  кабинетте қабылдау бөлмесі, емшара  бөлмесі,  оқшаулау  бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман  жабдықтармен  жабдықталған.   

Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын  алаңы және топтарға арналған жазғы шатырлар өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар көлеңкелі қоршау орындығымен гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

— Меңгеруші бөлмесі;

— Әдістемелік бөлмесі;

—  Психолог бөлмесі;

—  Логопед бөлмесі;

— Теледидар – 4 дана;

— Компьютер – 2 дана;

— Ноутбук — 4 дана;

— Принтер-1 дана.

— Түрлі-түсті принтер – 1 дана

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде  «Ұлттық бұрыш»,  «Ойыншықтар сөресі», «Кітап бұрышы», «Табиғат бұрышы»,  дамытушы  кеңістік орта жасақталған.